"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің US48669DAA00 (XS1713475132, TMJLe6) облигациялары бойынша бірінші купонын төлегені туралы хабарлады

14.05.18 11:36
/KASE, 14.05.18/ - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2018 жылдың 11 мамырында өзінің US48669DAA00 (XS1713475132, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, TMJLe6) облигациялары бойынша бірінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 18 915 000 АҚШ долларын құрады. [2018-05-14]