"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің KZP01Y10F217 (KZ2C00003564, TMJLb3) облигациялары бойынша екінші купонын төлегені туралы хабарлады

14.05.18 11:36
/KASE, 14.05.18/ - "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2018 жылдың 11 мамырында өзінің KZP01Y10F217 (KZ2C00003564, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, TMJLb3) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 5 210 000 000 теңгені құрады. [2018-05-14]