2018 ЖЫЛДЫҢ 02 СӘУІРІНЕН 20 ТАМЫЗЫНА ДЕЙІН "ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ "БИРЖАЛЫҚ БӘЙГЕ" АТТЫ КОНКУРС ӨТКІЗЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

26.04.18 15:59
/KASE, 26.04.18/ – "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) 2018 жылдың 02 сәуірінен 20 тамызына дейін "Биржалық бәйге" үздік инвестициялық стратегиясы республикалық конкурсын өткізетіні туралы хабарлады. Конкурс Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық алаңында өткізіледі. Конкурстың мақсаты – қазастан қор нарығында қаржылық инвестиция идеяларын кеңінен таныстыру, сондай-ақ қор нарығын жеке белсенді инвесторлар есебінен тарту арқылы дамыту болып табылады. Конкурсқа қатысуға өтінім 2018 жылдың 20 шілдесіне дейін қабылданады. Қатысуға міндетті шарт "Фридом Финанс" АҚ броекерлік шотын ашу болып табылады. Конкурсқа қатысуға қатысушының жасы 18 жастан кем болмауы тиіс, кіру ақысы – 20 000 теңге. Конкурс шарттарына сәйкес оны өткізу кезінде қатысушыға Қазақстанның ірі компанияларымен кем дегенде он шақты мәміле жасауы тиіс. Конкурстың жеңімпаздары оны өткізу кезінде мәміле жасау қорытындысы бойынша ең жоғары кірістілікке ие үш қатысушы болып табылады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Конкурс туралы барлық ақпарат https://gobaiga.kz/ интернет-сайтында жарияланған. Барлық сұрақтар бойынша "Фридом Финанс" АҚ 7555 номеріне (барлық мобильдік операторлардан тегін) хабарласуға болады. [2018-04-26]