"Altyn Bank" ("Қазақстан Халық банкі" ЕБ АҚ) АҚ "Қазақстан Халық банкі" АҚ тиесілі банк акцияларының 60 % акцияларын сату бойынша мәміле жасауды аяқтағаны туралы хабарлады

24.04.18 17:56
/KASE, 24.04.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Altyn Bank" ("Қазақстан Халық банкі" ЕБ АҚ) АҚ (Алматы), төмендегі туралы биржаға хабарлады: ... 2018ж. 24 сәуірде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (бұдан әрі – Халық Банк) «Altyn Bank» АҚ (бұдан әрі - Altyn Bank) акционерлік капиталындағы 60% үлесін: 50.1% мөлшерінде China CITIC Bank Corporation Limited (бұдан әрі – CITIC Bank) және 9.9% мөлшерінде China Shuangwei Investment Co., Ltd. (бұдан әрі – Shuangwei) сату бойынша мәмілені аяқтады. Мәміле тараптар бірқатар қажетті алдын ала талаптарды орындағаннан кейін, оның ішінде қытайлық және қазақстандық реттеуші органдардан қажетті келісімдерді алғаннан кейін аяқталды. Халық Банк, аталған мәміле өзіне айтарлықтай үстеме құн қосты, деп санайды. Халық Altyn Bank капиталының 40% үлесін иеленуді жалғастыра береді және тараптар арасында бекітілген акционерлік келісімге сәйкес белгілі бір құқықтарға ие болады. ... Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/ATBN/atbn_reliz_240418_1.pdf мекен- жайында жарияланған. [2018-04-24]