Еуразиялық даму банкі АҚ KZP02Y05E382 (EABRK250418) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

25.04.18 10:32
/KASE, 25.04.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Еуразиялық даму банкі KZP02Y05E382 (KZ2D00002631, KASE ресми тізімі, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRK250418, 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 25.04.13 – 25.04.18; жартыжылдық купон, жылдық 6,00 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2018 жылдың 25 сәуірінен бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE айналымына 2013 жылдың 19 сәуірінен бастап "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілген. Олардың сауда-саттықтары 2013 жылдың 02 мамырынан бастап ашылған. [2018-04-25]