/ҚАЙТАЛАУ/ "HALYK FINANCE" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУДЫ БАСТАҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

17.04.18 15:36
/KASE, 17.04.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы" "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыбында және әрі қарай - "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі хабарламаны ұсынды: ... "Halyk Finance" АҚ Қазақстан қор биржасы (KASE) мүшелерінен "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Эмитент) шет ел мемлекетінің заңдарына сәйкес Еурооблигацияларын (әрі қарай- Еурооблигациялар) алғашқы орналастыруға қатысуға өтінім қабылдауды бастағаны туралы хабарлады. Инвесторлардан барлық өтінімдер KASE "Жазылым" жүйесі арқылы қабылданады. Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған нарығында әлеуетті инвесторларынан өтінім қабылдау бір уақытта шет ел мемлекетінің аумағында Еурооблигацияларды орналастыру бағасын анықтау жағдайында орналастырумен қатар басталады. Бірлескен менеджерлер мен бірлескен Букраннерлер: Halyk Finance, Citi (B&D), J.P. Morgan, MUFG және UBS Investment Bank. Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/news/show/1367090/ мекен-жайында танысуға болады. [2018-04-17]