KASE Басқармасы Еуразиялық даму банкі шығарылымы жоспарланған халықаралық облигацияларды KASE ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілуіне келісім берді

11.04.18 15:51
/KASE, 11.04.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2018 жылдың 27 наурызындағы шешімімен Еуразиялық даму банкі халықаралық облигациялары шығарылымы KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар" санатына енгізілді. Аталмыш шешім Еуразиялық даму банкі "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.5 қосымшасының 2 тарауы 2 тармағы 1) тармақшасы шарттарын орындағаннан кейін күшіне енеді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/eabr мекен-жайында жарияланады. [2018-04-11]