"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

11.04.18 10:47
/KASE, 11.04.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C36570014 жай акцияларының жалпы саны 51 541 838 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады. [2018-04-11]