"AgroFinance" ЖШС KZ2P0Y03F775 (KZ2P00004229, AGFNb1) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

28.03.18 17:00
/KASE, 28.03.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 28 наурызындағы шешімімен "Қазақстан Даму Банкі" АҚ KZ2P0Y03F775 (KZ2P00004229; 1 000 теңге; 1,4 млрд теңге, 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %, 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялврды ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. "AgroFinance" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы). "AgroFinance" ЖШС негізгі қызмет түрі: ауыл шаруашылығы өнімдерін, жер дақылдарын, халықтық ұтыну товарларын өндіру, сатып алу, өңдеу және сату. Аталмыш акцияларға тиісінше AGFNb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-03-28]