"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Moody’s Investors Service агенттігі оған рейтингілік баға бергені туралы хабарлады, болжам "Тұрақты"

27.03.18 12:50
/KASE, 27.03.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Алматы), биржаға ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы Лондон, 2018 жылдың 20 наурызы. Moody’s Investors Service Ltd. Рейтинг агенттігі «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-на «Ba1» деңгейінде шетел валютасындағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді несиелік эмитент рейтингінде «Тұрақты» болжамды берді. Ұлттық меже бойынша рейтинг Aa2.kz деңгейінде берілді. Агенттік пікірінше «ҚазАгро» Холдингі еліміздің ауыл шаруашылық секторын қаржылық қолдауға қолданылатын ҚР Үкіметінің / Baa3 рейтингі «тұрақты»/, соның ішінде Холдинг құрылымындағы еншілес компаниялар арқылы қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Осылайша, берілген рейтингтер «ҚазАгро» Холдингінің Қазақстан ауыл шаруашылық саласын дамытудағы маңызды рөлін және Холдинг пен ҚР Үкіметінің арасындағы елеулі байланысты көрсетеді. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» ЖШС енеді. цитата соңы [2018-03-27]