Биржада 15 наурыздан бастап, орындалуы 2018 жылдың қыркүйегінде KASE индексінің мәніне фьючерстің сауда-саттығы ашылды

15.03.18 12:19
/KASE, 15.03.17/ – 2018 жылдың 15 наурызынан бастап орындалуы 2018 жылдың қыркүйегінде Қазақстан қор биржасында (KASE) мынадай мерзімдік келісім-шарттардың сауда-саттығы ашылды: - АҚШ долларының теңгеге бағамына есеп айырысу фьючерсі; - KASE индексінің мәніне есеп айырысу фьючерсі - KAZ Minerals PLC (Лондон) GB00B0HZPV38 (KASE ресми тізімі, бірінші санат, GB_KZMS) жай акциялар фьючерсіне; - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы) KZ1C33870011 (KZ000A0LE0S4, KASE ресми тізімі, бірінші санат, HSBK) жай акциялар фьючерсіне; - "Кселл" АҚ (Алматы) KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KCEL) жай акциялары фьючерсіне; - "КазТрансОйл" АҚ (Астана) KZ1C29950017 (KZ1C00000744, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары фьючерсіне; - "ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" АҚ (Астана) KZ1C51460018 (KZ000A0KEZQ2, KASE ресми тізімі, бірінші санат, KZTO) жай акциялары фьючерсіне; KASE сауда жүйесінде аталған алты айлық келісімшарттарға тисініше қысқартылған белгілер (сауда-саттық кодтары) F_USDKZT1809, F_INKASE1809, F_GB_KZMS1809, F_HSBK1809, F_KCEL1809, F_KZTO1809 және F_RDGZ1809 берілген. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге төмендегі алғашқы теориялық бағалар белгіленді. 2018 жылдың 15 наурызынан бастап F_USDKZT1806, F_INKASE1806, F_GB_KZMS1806, F_HSBK1806, F_KCEL1806, F_KZTO1806 және F_RDGZ1806фьючерстері үш айлық мерзімдік келісімшарттарға айналатынын естеріңізге саламыз, соңғы сауда-саттық күні 2018 жылдың 14 қыркүйегі. Алты айлық фьючерстермен соңғы сауда-саттық күні 2018 жылдың 14 қыркүйегі болып табылады. Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Биржалық сауда-саттыққа қатысу туынды қажы құралдарымен KASE деривативті нарығына клирингтік қатысушылар қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша жарияланды. Мерзімдік келісімшарттың биржалық саудаларының ережелері – http://www.kase.kz/ru/fut мекен-жайында жарияланады. KASE деривативі нарығының жұмыс істеу тәртібін реттейтін биржаның ішкі құжаттарының мәтіні http://www.kase.kz/ru/rules_kase мекен -жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан. [2018-03-15]