2018 жылдың 15 наурызынан бастап Есептілікті экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару өлшемдері бойынша құрастыру Әдістемесі жаңа редакцияда күшіне енеді

14.03.18 18:25
/KASE, 14.03.18/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (KASE немесе Биржа) 2018 жылдың 14 наурызындағы шешімімен KASE ішкі құжаты "Есептілікті экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару өлшемдері бойынша құрастыру Әдістемесі" (Әдістеме) жаңа редакцияда бекітілді, 2018 жылдың 15 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі. Әдістеменің жаңа редакциясы есептілікті экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару өлшемдері бойынша – Environmental, Social and Governance (ESG) – листингілік компаниялар мен Биржа мүшелеріне құрастыру бойынша нұсқаулық болып табылатын, бұрынғы әдістемені актуалдандыру мақсатында әзірлеген. Әдістеменің жаңа редакциясы Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) қолдауымен әзірленген және ESG есебін құрастыру бойынша алдыңғы қатардағы халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалған: - Есептілік бойынша жахандық бастама (GRI); - Біріктірілген есептілік бойынша Халықаралық кеңес (IIRC); - АҚШ тұрақты даму есептілігінің стандарттары бойынша Кеңес (SASB); - "Тұрақты қор биржалары" бастамасы аясында көптеген қор биржаларының арасындағы бастамалар, оның ішінде, Малайзия, Бразилия, Сингапур және Гонконг. Әдістеме сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау тәжірибесі, әлеуметтік мәселелер мен корпоративтік басқару саласында IFC стандарттары негізінде әзірленген: - экологиялық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша IFC қызметі бойынша стандарттары; - ESG прогрессия матрицасы; - Экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару өлшемдері бойынша ESG прогрессия матрицасы; - ақпаратты ашу және оның айқындылығы жөніндегі IFC құралы. Әдістеменің жаңа редакциясы жалпы экологиялық, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару бойынша мәселелердің кең ауқымды тізімін ескеріп отыр, онда осы мәселелерге қатысты қызметтердің негізгі көрсеткіштерінің тізімі және салалық маманданым бойынша жетекшілік ету мәселелерінің негізгі тізімі ұсынылған. 2018 жылдың 15 наурызынан бастап бұрынғы редакциядағы Әдістеменің күші жойылған деп танылсын. Жаңа редакциядағы Әдістеме KASE интернет-сайтында жақында жарияланады. [2018-03-14]