"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ 2018 жылғы 1 наурыздан бастап дебеттік карталар бойынша Қазақстан аумағындағы басқа банктердің банкоматтарынан қолма - қол ақша алу үшін комиссия ұстауды тоқтатқаны туралы хабарлады
28.02.18 16:24
/KASE, 28.02.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы),
өзінің 2018 жылдың 28 ақпанында баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
2018 жылғы 1 наурыздан бастап «Жинақ банкі» АҚ ЕБ дебеттік карталар
бойынша Қазақстан аумағындағы басқа банктердің банкоматтарынан қолма
- қол ақша алу үшін комиссия ұстауды тоқтатты. Қызмет жалақы
жобаларынан басқа, Сбербанктің дебеттік карталарының барлық түрлері
бойынша қолжетімді.
Сбербанктің дебеттік карталарының иегерлері енді кез келген банктің
банкоматтарынан қолма - қол ақшаны комиссиясыз ала алады:
Visa Platinum/MasterCard Platinum/UnionPay Platinum, VISA
Infinite/MasterCard World Elite/UnionPay Diamond, MasterCard Black Edition
(Nomad бағдарламасының қатысушылары үшін) карталары бойынша айына
2 000 000 теңгеге дейін.
VISA Gold/MasterCard Gold/UnionPay Gold, MasterCard World (Nomad
бағдарламасының қатысушылары үшін), MasterCard World OTT Card
карталары бойынша айына 3 000 000 теңгеге дейін.
VISA Electron/MasterCard Maestro; VISA Classic/MasterCard
Standard/UnionPay Classic карталары бойынша айына 100 000 теңгеге дейін.
Жоғарыда көрсетілген сомалардан көп ақша алу үшін комиссия банктің
белгіленген тарифтеріне сәйкес алынады.
«Біз клиенттеріміздің күткенінен артық болуға тырысамыз және олардың
әрқашан бізбен қалуы үшін еңбек етеміз. Бұл үшін біз клиенттерге қызмет
көрсетудің ыңғайлы, әрі тиімді шарттарын жасай отырып, әрқашан өз
қызметтерімізді жетілдіреміз. Біздің банктің карталарының иегерлері
комиссия туралы ойланбастан, кез келген жақын банкоматты қолдана
алады», - дейді «Жинақ банкі» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының бөлшек бизнес
жөніндегі орынбасары Алексей Акимов.
Сонымен қатар, «Бірыңғай тарифтік кеңістік» қызметі аясында Сбербанк
карталарының иегерлері Ресей, Украина, Белоруссия,Түркия және
Хорватиядағы Сбербанк халықаралық тобы банктерінің банкоматтарынан
қолма - қол ақшаны комиссиясыз ала алады.
цитата соңы
[2018-02-28]