"Матен Петролеум" АҚ Ұлттық Банк акцияларының шығарылымына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркегені туралы хабарлады

28.02.18 09:57
/KASE, 28.02.18/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Матен Петролеум" АҚ (Атырау, әрі қарай – компания), биржаға компания акцияларының шығарылымына тіркелген өзгертулер мен толықтырулардың, 2018 жылдың 26 ақпанында берілген бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің көшірмесін биржаға ұсынды; Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банкі компания акцияларының шығарылымына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік компанияның жарияланған акцияларының санын арттыруына және бұрын шығарылған 8 000 жай акцияларын ескере отырып ауыстырылған; - компанияның KZ1C58290012 жай акциялардың жалпы саны 150 000 000 дана; - аталмыш акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5829 нөмірімен енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырушар KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/MATN/matnf9_izm_260218.pdf [2018-02-28]