/KASE, 26.02.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған, "Joint Resources" АҚ (Алматы, бұдан әрі –
компания), өзінің акцияларының шығарылым аңдатпасына тіркелген
өзгертулерінің және, алдында берілгеннің орнына берілген, 2018 жылдың
22 ақпанында берілген, бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік
тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін Биржаға ұсынды.
Аталмыш құжаттарға сәйкес:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) компания
акцияларының шығарылымына енгізілген өзгертулерді тіркеді;
- аталмыш куәлік компания акцияларының жарияланған саны ұлғаюына
байланысты және бұрын орналастырылған 999 859 жай акцияны ескере
отырып, ауыстырылды;
- компанияның KZ1C60620016 жай акцияларының саны 1 008 859 дана;
- аталмыш акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың
мемлекеттік тізбесінде А6062 нөмірімен тіркелді.
Аталмыш өзгертулер KASE интернет-сайтында –
http://www.kase.kz/files/emitters/JRES/jresf9_izm_220218.pdf жариялады.
[2018-02-23]