"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ "Ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры" АҚ арқылы 2017–2021 жылдарға Жұмыспен қамтуды дамыту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы бойынша 4,6 мың шағын несие бергені туралы хабарлады

21.02.18 11:48
/KASE, 21.02.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгро» Холдингі құрылымындағы компания, 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) жүзеге асыруға аймақтық уәкілеттік ұйым ретінде қатысады. 2017 жылы Бағдарлама аясында 27 млрд. теңге бөлінсе, оның 16,6 млрд. теңгесі Қор арқылы берілген болатын. Жалпы алғанда, өткен жылы Бағдарлама аясында Қор 4 638 шағын несие берді. Бағдарламаға жұмыссыз, өз-өзін жұмыспен қамтығандар, ауылшаруашылық кооперативтері мен олардың мүшелері – микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілері қатысты. Шағын несиелер мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық, мақсатты пайдалану қағидаттары негізінде беріледі. цитата соңы Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_210218_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-02-21]