"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2017 жылға Павлодар облысының агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру нәтижесі туралы хабарлады

13.02.18 15:33
/KASE, 13.02.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы 2001 – 2017 жылдары «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы Павлодар облысы АӨК дамуына 34,1 млрд.теңге инвестицияланды. Филиалдың қызмет ету уақытында 22,5 млрд.теңге сомасына 2 334 бірлік техника сатып алу, сонымен қатар 13,9 млрд. теңге сомасына 43 инвестициялық жоба қаржыландырылды. «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес компаниясының қолдауымен аймақта еліміздің АӨК дамуына бағытталған кәсіпорындар құрылды. Бүгінгі күні Павлодар облысында 68 300 тонна сыйымдылығы бар 8 көкөніс сақтау қоймалары қызмет етуде. Сонымен қатар Ұлттық Холдингтің қолдауымен аймақта 5 сүт- тауар фермалары, 6 бордақылау алаңдары мен репродукторлар іске қосылды. 2017 жылы «ҚазАгро» Холдингінің еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ қолдауымен Павлодар облысында 130-дан астам шаруашылықтар қаржыландырылды. Сондай шаруашылықтардың бірі «Пахарь» КШ ЖШС болып табылады, аталған кәсіпорын Қазақстандағы 4 бағытта жұмыс істейтін ірі инвестициялық жоба: суару жүйесін қолданумен ашық топырақта өсірілген көкөніс өндіру, 12 000 тоннаға арналған көкөніс сақтау қоймасының құрылуы, ангус асыл тұқымды 1200 ІҚМ бастарына репродуктор құру және жемшөп өндіруге бағытталған. Аталаған бағыттардан басқа қазіргі уақытта 1200 ІҚМ бастарына арналған сүт-тауар фермасы іске қосылды. Соңғы жоба бойынша ҚАҚ арқылы технологиялық жабдықтарды, асыл тұқымды ІҚМ, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасын сатып алу қаржыландарылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар аталған жоба шеңберінде 60-тан астам жұмыс орындары құрылды, Холдингтің еншілес компаниясы арқылы инвестициялық жобаларды қаржыландыру арқылы аймақта 1370 жұмыс орындары құрылды. «ҚазАгро» Холдингі» АҚ компаниялар тобымен 2017 жылы Павлодар облысының АӨК қолдауына 10,1 млрд.теңге бағытталды. Жалпы республика бойынша 2017 жылы Холдинг агросаланы қаржыландырыруға 226 млрд.теңге сома бағыттады. цитата соңы Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_120218_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-02-13]