Ұлттық Банк "Delta Bank" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырғаны туралы хабарлады

03.11.17 12:12
/KASE, 03.11.17/ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банк) өзінің интернет-сайтында 2017 жылдың 03 қарашасындағы "Delta Bank" АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырғаны туралы" баспасөз хабарламасын ұсынды. Баспасөз хабарламасында төмендегі хабарланады: цитата басы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 2 қарашасындағы № 194 қаулысына сәйкес 2008 жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі ұсынған №213 Бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операцияларды жүргізуге "Delta Bank" АҚ берген лицензиясын айыру туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді Ұлттық Банк банктік заңнама талаптарын жекелеген бұзушылықтарына қадағалаушылық реттеу және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 48-бабының 1-тармағы в) және г) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамау және үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) пруденциялық нормативтерді және (немесе) басқа сақталуы міндетті нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін ішкі бақылау жүйелерін жақсарту қажеттілігі шеңберінде қабылдады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының орыс тіліндегі толық нұсқасы Ұлттық банктің интернет-сайтында жарияланған. [2017-11-03]