"Қазақстан Даму Банкі" АҚ жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы Ұлттық қордың 8 млрд теңге сомасындағы қосымша қаражаты есебінен кеңейгені туралы хабарлады

06.02.18 15:37
/KASE, 23.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Қазақстан Даму Банкі" АҚ ("Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, әі қарай – БРК, Банк) теңге сомасындағы үшінші траншын екінші деңгейдегі бес банкке (ЕДБ): Halyk Bank, Евразиялық банкке, «Ресей жинақ банкінің» Қазақстандағы еншілес банкіне және «ЦентрКредит» банкіне 1 млрд 875 млн теңгеден, ВТБ еншілес банкіне (Қазақстан) – 500 млн тенге жіберді. ҚР азаматтары-жеке тұлғаларына Қазақстанда шығарылатын жеңіл автокөлікті сатып алуға кредит берудің ағымдағы шарттары мынадай: сыйақының номиналдық мөлшерлемесі – жылдық 4%-дан аспайды, кредит беру мерзімі – 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы – теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны – 15 млн теңгеден аспайды. Бастапқы жарнаның мөлшерін коммерциялық банктер дербес белгілейді. Қарыз алушыларға Бағдарлама шеңберінде автокөліктердің «Kia», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтерінің 60 моделі ұсынылады, оларды құрастыру «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жүзеге асырылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_060218_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-02-06]