KASE JPMORGAN CHASE BANK, N.A. АҚШ ДОЛЛАРМЕН КОРРЕСПОНДЕНТТІК ШОТЫ АШЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

06.02.18 11:40
/KASE, 06.02.18/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) Биржада АҚШ долларымен JPMorgan Chase Bank, N.A. (Нью-Йорк, АҚШ) корреспондеттік шот ашқаны туралы хабарлады. Биржада шет елдік валютамен биржалық сауда-саттық бойынша есептеулерді жүзеге асыру үшін АҚШ долларымен жаңа корреспонденттік шоттың ашылу күні туралы қосымша хабарланады. Қазіргі уақытта Қазақстан қор биржасында сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларымен барлық есептеулер биржадағы корреспонденттік шоттар арқылы банктерде жүзеге асады: - Citibank N.A. (Нью-Йорк, АҚШ); - The Bank of New York Mellon (Нью-Йорк, АҚШ). Биржаның корреспонденттік шоттары туралы тізімі KASE интернет- сайтында http://kase.kz/files/normative_base/correspondent_account_new.pdf мекен-жайында жарияланған. [2018-02-06]