"КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ 2017 жылға Ақтөбе облысының АӨК қаржыландыру нәтижесі туралы хабарлады

31.01.18 15:34
/KASE, 31.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "КазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы «ҚазАгро» Ұлттық Холдингінің 2017 жылы Ақтөбе облысындағы АӨК қолдау көлемі 10,8 млрд.теңгені құрады. Жалпы Холдинг 2017 жылы республика бойынша агросаланы қаржыландыруға 267 млрд.теңге бағыттады. «ҚазАгро» Холдингінің Ақтөбе облысы бойынша инвестициялық портфелінде 30 млрд.теңге сомасына 25 инвестициялық жоба бар. Жобаларды іске қосу мерзімінде 973 жұмыс орындары құрылды. Бүгінгі күні 25,5 млрд. теңге сомасына 22 жоба іске асырылып, 854 жұмыс орындары құрылды. Облыстағы ірі жобалардың ішінде «Green House Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешені; «АқТеп» ЖШС компаниялар тобының ет кластері және т.б. 2017 жылы «ҚазАгро» Ұлттық холдингі тарапынан облыс бойынша 25,7 мың га аудан жеріне көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 336 млн.теңге сомасына 11 АШТӨ қаржыландырылды. Жалпы республика бойынша Холдинг бюджет несиесі қаржысына осы жылы көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 60 млрд.теңге сомасына 1816 шаруашылық субъектілреі мен агроқұрылымдары қаржыландырылды. Бұл аграршыларға 3003 мың га аудан жеріне егін егуге мүмкіндік берді. цитата соңы Ақпараттық хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_310118_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-01-31]