"АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ Ұлттық Банк акцияларының шығарылымына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркегені туралы хабарлады

30.01.18 18:00
/KASE, 30.01.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы, әрі қарай – компания), биржаға компания акцияларының шығарылымына тіркелген өзгертулер мен толықтырулардың, 2018 жылдың 22 қаңтарында берілген бағалы қағаздар шығарылымының мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің көшірмесін биржаға ұсынды; Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Ұлттық Банкі компания акцияларының шығарылымына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік компанияның орналастырылмаған жарияланған артықшылықты акцияларын жай акцияларына өзгеруіне және компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларын жай акцияларға ауыстыруға байланысты ауыстырылды; куәлік бұрын жарияланған KZ1C54500018 1 500 000 000 жай және KZ1P54500114 500 000 000 артықшылықты акцияларын ескере отырып берілген; - компанияның KZ1C54500018 жай акциялардың жалпы саны 2 000 000 000 дана; - аталмыш акциялардың шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А5450 нөмірімен енгізілді. Аталмыш өзгертулер мен толықтырушар KASE интернет-сайтында жарияланған – http://www.kase.kz/files/emitters/ASYL/asylf9_izm_220118.pdf [2018-01-30]