KASE 2018 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE индексін есептеуге арналған өкілетті тізімге Банк Центркредит және Астана Банкі акцияларын енгізді

15.01.18 18:57
/KASE, 15.01.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2018 жылдың 15 қаңтарындағы шешімімен KASE "Қор нарығының индикаторларының есептеу әдістемесі" (одан әрі – Әдістеме) ішкі құжатына сәйкес, KASE индексін есептеуге аррналған өкілетті тізімге (бұдан әрі – Тізім) 2018 жылдың 01 ақпанынан бастап енгізілетін акциялардың өкілеттік параметрлері анықталды. Аталмыш шешімге сәйкес 2018 жылдың 01 ақпанынан бастап Тізімге, алдында енгізілген бағалы қағаздардан басқа, келесі атаудағы акциялар енгізіледі: - "Астана Банкі" АҚ (Алматы) KZ1C56630011 (KZ1C00001023, ABBN) жай акциялары; - "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ1C36280010 (KZ0007786572, CCBN) жай акциялары. "Астана Банкі" АҚ жай акциялары Тізімге қосылатын акциялар Әдістемесінде белгіленген барлық өлшемдерге сәйкес келеді. "Банк ЦентрКредит" АҚ жай акцияларын әлеуетті өтімді акциялар ретінде санауға объективті фактілерді қабылдау туралы шешім қабылдады. Сонымен, 2017 жылдың 01 ақпанынан бастап KASE Индексін есептегенде келесі акциялардың параметрлері қолданылатын болады: ----------------------------------------------------------------------------- # п/п Акция коды ҰСН немесе ISIN Эмитент Fi Ri Үлесі ----- ---------- --------------- ---------------------- ----- --------- ----- 1 ABBN KZ1C56630011 "Астана Банкі" АҚ 56,7 1,0000000 4,3 CCBN KZ1C36280010 "ЦентрКредит Банкі" АҚ 25,7 1,0000000 1,9 2 GB_KZMS GB00B0HZPV38 KAZ Minerals PLC 202,4 0,0600000 15,3 3 HSBK KZ1C33870011 "Қазақстан Халық 195,0 0,2100000 14,8 Жинақ Банкі" АҚ 4 KCEL KZ1C59150017 "Кселл" АҚ 185,2 1,0000000 14,0 5 KEGC KZ1C34930012 АО "KEGOC" (KEGC) 110,1 1,0000000 8,3 6 KZTK KZ1C12280018 "Казахтелеком" АҚ 181,8 1,0000000 13,8 7 KZTO KZ1C29950017 "КазТрансОйл" АҚ 166,4 1,0000000 12,6 8 RDGZ KZ1C51460018 "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 196,4 0,1000000 14,9 КЕСТЕГЕ ТҮСІНДІРМЕ ҰСН немесе ISIN – акцияның ұлттық немесе халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Эмитент – акция эмитентінің қысқаша атауы. Fi – 01.04.16 жылы KASE-де тіркелген, соңғы мәміле бағасының, 15.04.16 жылға еркін айналыстағы акциялар санының және, әрбір атаулы акциясының индекс мәніне әсер ету үлесін шектейтін, Ri коэфициентінің көбейтіндісі нәтижесінде алынған параметр, млн АҚШ долларымен көрсетіледі. Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімі күшіне енгеннен кейін, яғни 01.05.16 басында Fi мәні біршама басқа болады, өйткені акциялардың ағымдағы бағаларына сәйкес Ri коэффициенттері түзетілетін болады. Ri – шектеу коэффициенті – есептесу тәртібі Әдістемеде берілген, 0,15 (15 %) дейін индекс мәніне әрбір акцияның әсер ету үлесін шектейтін параметр. Үлес – KASE Индексін есептеуге арналған өкілеттілік тізімде тұрған, барлық атаулылар акцияларының жалпы нарықтық құнындағы қандай да бір атаулы акциясының жалпы нарықтық бағасының үлесі. Әдістеме мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2018-01-15]