"Joint Resources" АҚ KZ1C60620016 (KZ1C00001510, JRES) жай акциялары KASE балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

25.01.18 16:40
/KASE, 25.01.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2018 жылдың 25 қаңтарындағы шешімімен "Joint Resources" АҚ KZ1C60620016 (ISIN – KZ1C00001510) жай акциялары KASE балама сауда-саттық алаңының стандарт санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2014 жылдың 20 қазанындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, шешімімен "Joint Resources" АҚ акцияларының саны 28 268 573 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C60620016 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A6062 номерімен енгізілген. "Joint Resources" АҚ қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы). Аталмыш акцияларға тиісінше JRES қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Joint Resources" АҚ негізгі қызмет түрі: активтерді басқару қызметі, инвестициялық қызметғ мұнай өңдеу, мұнай өнімдерін өңдеу, пайдалы қазба кен орындарын барлау және өңдеу қызметін көрсету. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2018-01-25]