"Сбербанк России" АҚ Еншілес банкі "СтеклоГрань" ЖШС 415,0 млн теңге несие желісін ашқаны туралы хабарлады

28.09.17 12:47
/KASE, 28.09.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), Биржаға жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы Сбербанк «СтеклоГрань» ЖШС-не өндірістік базаны сатып алу мен жаңарту үшін кредиттік желі ашты. Қаржыландыру күрделі жөндеу жүргізуге, өндірістік цехтарды іске қосуға, дайын өнім дүкенін ашуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асырылды, қор банктік сыйақыны жартылай субсидиялайды. «Қосымша құны жоғары өнімдерді шығаратын мекемелер Қазақстан экономикасының дамуы үшін үлкен маңызға ие, - дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасының Корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. – Шағын және орта бизнесті қолдау – банкімізді дамыту стратегиясының басты бағыттарының бірі. Сонымен қатар, Сбербанк Республика экономикасының негізгі инвесторларының бірі және «Бизнестің жол картасы 2020» сияқты кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруда көшбасшы болып табылады. цитата соңы Толық ақпаратпен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_280917.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-09-28]