"Қазақстан даму банкі" АҚ Шанхай ынтамақтастық ұйымы банкаралық бірлестігі банк-мүшелері өкілдері үшін "Тәуекелді басқару жүйесі" семинарын өткізетіні туралы хабарлады

23.08.17 15:43
KASE, 23.08.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан даму банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), ресми төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі (бұдан әрі – ШЫҰ БАБ, Бірлестік) Астана қаласында а. ж 23 тамызда "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) ұйымдастырған «Тәуекелдерді басқару жүйесі» тақырыбында семинар ашылды. Семинарға қатысушылар ҚДБ 2016 жылы енгізген Ерте хабардар ету жүйесімен (бұдан әрі - ЕХЖ) танысты. ЕХЖ ҚДБ- ге Банк қаржыландырған инвестициялық жобалар мен мәмілелерді іске асырумен, сондай-ақ банкаралық несиелеуге байланысты пайда болатын тәуекелдерді уақытылы анықтауға және әрекет етуге мүмкіндік береді. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нсұқасымен KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_230817_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2017-08-23]