KASE, 23.08.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Қазақстан даму банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор
биржасына (KASE), ресми төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі (бұдан әрі – ШЫҰ
БАБ, Бірлестік) Астана қаласында а. ж 23 тамызда "Қазақстанның Даму
Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан
әрі – ҚДБ, Банк) ұйымдастырған «Тәуекелдерді басқару жүйесі»
тақырыбында семинар ашылды. Семинарға қатысушылар ҚДБ 2016 жылы
енгізген Ерте хабардар ету жүйесімен (бұдан әрі - ЕХЖ) танысты. ЕХЖ ҚДБ-
ге Банк қаржыландырған инвестициялық жобалар мен мәмілелерді іске
асырумен, сондай-ақ банкаралық несиелеуге байланысты пайда болатын
тәуекелдерді уақытылы анықтауға және әрекет етуге мүмкіндік береді.
цитата соңы
Баспасөз хабарламасының толық нсұқасымен KASE интернет-сайтында –
http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_230817_1.pdf мекен-жайында
танысуға болады.
[2017-08-23]