Ұлттық Банк "Компания Фаэтон" АҚ KZP01Y07F486 (KZ2P00003874, FATNb1) облигацияларын 2017 жылдың 24 мамырынан 24 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

23.01.18 15:28
/KASE, 23.01.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Компания Фаэтон" АҚ (Алматы) KZP01Y07F486 (KZ2P00003874, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, FATNb1) облигацияларды 2017 жылдың 24 мамырынан 24 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2018 жылдың 11 қаңтарындағы ескерту хатының көшірмесін биржаға ұсынды. Ұсынылған хатқа сәйкес аталмыш облигацияларды орналастыру есептік кезеңде жүргізілген жоқ. 2017 жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша облигациялардың 2 000 000 данасы орналастырылған. Аталмыш хат KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/FATN/fatn_placement_results_110118_FATNb1.pdf [2018-01-23]