/KASE, 23.01.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Компания Фаэтон" АҚ (Алматы) KZP01Y07F486
(KZ2P00003874, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты,
FATNb1) облигацияларды 2017 жылдың 24 мамырынан 24 қарашасына
дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2018 жылдың
11 қаңтарындағы ескерту хатының көшірмесін биржаға ұсынды.
Ұсынылған хатқа сәйкес аталмыш облигацияларды орналастыру есептік
кезеңде жүргізілген жоқ. 2017 жылдың 24 қарашасындағы жағдай бойынша
облигациялардың 2 000 000 данасы орналастырылған.
Аталмыш хат KASE интернет-сайтында жарияланған –
http://kase.kz/files/emitters/FATN/fatn_placement_results_110118_FATNb1.pdf
[2018-01-23]