"Алматы Электр Станциялары" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.01.18 10:47
/KASE, 18.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Алматы Электр Станциялары" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C54380015 жай акцияларының жалпы саны 2 950 160 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ болып табылады. [2018-01-18]