"Bank RBK" Банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
15.01.18 12:35
/KASE, 15.01.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C35450010 жай акцияларының жалпы саны 1 626 407 000
дана, KZ1P35450116 артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана;
- банктің 1 255 990 000 жай акциялары және 450 000 артықшылықты акциялары
орналастырылған;
- банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі
санына иеленген жалғыз тұлға "КСС ФИНАНС" ЖШС болып табылады, оның меншігінде
1 250 000 000 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан
99,52% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 99,49%) бар.
[2018-01-15]