Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі "Фридом Финанс" АҚ акцияларын 2017 жылдың 30 мамырынан 29 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

12.01.18 18:24
/KASE, 12.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Фридом Финанс" АҚ (Астана), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (Ұлттық банк) 2018 жылдың 10 қаңтарындағы хатының көшірмесін ұсынды: - Ұлттық банк компания акцияларының 2017 жылдың 30 мамырынан 29 қарашасына дейінгі кезеңде орналастыру қорытындысы туралы есебін бекітті; - 2017 жылдың 29 қарашасындағы жағдай бойынша компанияның 2 564 650 жай акциясы орналастырылған жоқ, оның жарғылық капиталы 5 327 184 108,00 теңге көлемінде қалыптасқан. Аталмыш хатпен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/FFIN/ffin_placement_results_100118_FFIN_12.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2018-01-12]