"Самұрық-Энерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

11.01.18 10:20
/KASE, 11.01.18/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2018 жылдың 01 қаңтарындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C55410019 жай акцияларының жалпы саны 8 602 187 дана; - компанияның 5 601 687 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ болып табылады. [2018-01-11]