KASE 2018 жылдың 08 қаңтарынан бастап екі шығарылым облигацияларды, олар бойынша маркет-мейкердің болмауына байланысты, KASE_BМ* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

09.01.18 11:51
/KASE, 09.01.18/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2018 жылдың 08 қаңтарынан бастап "Маңғыстау электротораптық бөлу компаниясы АҚ (Ақтау) екі шығарылым облигациялары: - KZP06Y10B660 (KZ2C00002020, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, MREKb7); - KZP07Y10B668 (KZ2C00002707, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, MREKb8). Олар бойынша маркет-мейкердің болмауына байланысты, KASE_BМ* индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады. 2018 жылдың 08 қаңтарынан бастап KASE_B* индексінің өкілеттік тізімі 50 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_ BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BМC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2018-01-09]