АНОНС: 2018 ЖЫЛДЫҢ 09 ҚАҢТАРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "ЭМИТЕНТ КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА "КСЕЛЛ" АҚ БАСШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
05.01.18 16:50
/KASE, 05.01.18/ – Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE)
2017 жылдың 26 мамырында Қазақстан қор биржасында "Эмитент күні" іс-
шарасы аясында "Кселл" АҚ (Астана) институционалды инвесторлар мен
бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларымен кездесу өтеді.
Кездесудің басталу уақыты – алматы уақытымен сағат 15:00, өтетін орны:
Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" КСК ғимараты, 8-ші қабат,
KASE мәжіліс залы.
Андеррайтері "Tengri Capital MB" АҚ осы іс-шарасы "Кселл" АҚ
облигацияларының алғашқы шығарылымын орналастыруға арналған.
Сонымен қатар, кездесу барысында "Кселл" АҚ операциялық және қаржы
қызметі нәтижелерін, ағымдық жобаларын және болжамдық көрсеткіштерін
талқыланады.
Осы іс-шараға қатысу үшін Биржа мүшелері customers@kase.kz
электрондық мекен-жайына қатысушы туралы мәліметті жіберуі тиіс (аты,
жөні, тегі, лауазымы, электрондық пошта мекен-жайы).
Биржа 2016–2018 жылдарға Биржаның қабылдаған стратегиясына сәйкес
"Эмитент күнін" өткізеді. Аталмыш іс-шараларды өткізу мақсаты Биржада
сатылатын бағалы қағаздарға инвесторлардың қызығушылығын арттыру,
сондай-ақ компания акционерлерімен кері байланыс орнату болып
табылады.
[2018-01-05]