/KASE, 05.01.18/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы
шешімімен "Кселл" АҚ (Алматы) KZP01Y03F725 (KZ2C00004208; 1 000
теңге, 30,0 млрд теңге; 3 жыл, жартыжылдық купон, облигацияларды
орналастыру бойынша алғашқы арнайы мамандандырылған сауда-саттық
қорытындысы бойынша анықталады, 30/360) облигациялары KASE ресми
тізімінің "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша енгізуге келісім
берілді:
Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 05 қаңтарынан
бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 6 тарауының 1 тармағы 2.2
қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне
енгізілді.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы
ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
Аталмыш облигациялардың қаржылық кеңесшісі және аталмыш
облигациялардың ұстаушы өкілі "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы
"Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Tengri Capital MB" АҚ (Алматы)
болып табылады.
Аталмыш облигацияларға тиісінше KCELb1 қысқартылған белгілері (сауда-
саттық кодтары) берілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен
KASE интернет-сайтында
http://kase.kz/ru/bonds/show/KCELb1/ мекен-
жайында танысуға болады.
[2018-01-05]