"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ өзінің XS0373641009 (US48667QAA31, KMGZe2) облигациялары бойынша 13-ші купонын төлегені туралы хабарлады

05.01.18 10:00
/KASE, 05.01.18/ - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) 2018 жылдың 02 қаңтарында өзінің XS0373641009 (US48667QAA31, негізгі сауда-саттық алаңы KASE, "облигациялар" санаты, KMGZe2) облигациялары бойынша купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 73 000 000,00 АҚШ долларын құрады. [2018-01-05]