"ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-металлургиялық корцерні" АҚ KZ1C48670018 (KZ1С00001494, KZAL) жай акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

27.12.17 17:37
/KASE, 27.12.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен "ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-металлургиялық корцерні" АҚ KZ1C48670018 (ISIN – KZ1С00001494) жай акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының стандарт санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2015 жылдың 11 шілдесінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-металлургиялық корцерні" АҚ жарияланған акцияларының саны 123 175 322 жай акцияға бөлінген, оған KZ1C48670018 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A4867 номерімен енгізілген. "ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-металлургиялық корцерні" АҚ қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше KZAL қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "ҚАЗАҚАЛТЫН" тау-металлургиялық корцерні" АҚ негізгі қызмет түрі: алтыны бар рудаларды барлау, өндіру және өңдеу, алтыны бар өнімдердің өндірісі болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-12-27]