"Кселл" АҚ KZP01Y03F725 (KZ2C00004208, KCELb1) жай акцияларына айырбасталған облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

27.12.17 17:29
/KASE, 27.12.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 желтоқсанындағы шешімімен "Кселл" АҚ KZP01Y03F725 (KZ2C00004208; 1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 3 жыл, жылдық купон, жылдық 11,50 % ; 30/360) жай акцияларына айырбасталған облигациялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы қазақстан республикасының Ұлттық Банкінде 2017 жылдың 12 желтоқсанында жалпы сомасы 50,0 млрд теңгеге тіркелген "Кселл" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясында алғашқы болып табылады Аталмыш облигациялврды ұстаушы өкілі "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. "Кселл" АҚ қаржылық кеңесшісі және аталмыш облигацияларды ұсташы өкілі "Tengri Capital MB" АҚ (Алматы). Аталмыш акцияларға тиісінше KCELb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-12-27]