Банк ВТБ АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) халықаралық аударымдарды картадан картаға аудару сервисін іске қосқаны туралы хабарлады

25.12.17 12:00
/KASE, 25.12.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған Банк ВТБ АҚ Еншілес ұйымы (Қазақстан) (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы ВТБ Тобы Банк ВТБ (Қазақстан) карталарының иеленушілеріне, шеңберінде кез келген Ресей банкінен шұғыл ақшалай аударымдарды алуы қолжетімді болатын жобаны іске асырды. Жоба «МультиКарта» процессингтік компаниясының қолдауымен іске асырылды. Жаңа сервис шеңберінде ВТБ-ның Қазақстандағы еншілес банкі клиенттерінің картасына Ресейде шығарылған кез келген картаның иелері ақшалай аударым жасай алады. Сонымен бірге жөнелтушінің және алушының карталары Visa немесе MasterCard төлем жүйелерінің базасында шығарылуы тиіс. Жаңа қызмет келесі сілтеме бойынша қолжетімді: VTB Stream. Аударымның минималды сомасы тәулігіне 100 рубль, максималды – 100 мың рубль. Аударым жасау кезінде ВТБ Тобының тарифтеріне сәйкес комиссия өндіріледі, олар бүгінгі күні Ресей нарығындағы ең тиімділердің бірі болып табылады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/BVTB/bvtb_reliz_251217_kz.pdf мекен- жайында танысуға болады. [2017-12-25]