"Самұрық-Энерго" АҚ XS0868359166 (SNRGe1) халықаралық облигацияларын толық және уақтылы өтегені туралы хабарлады

21.12.17 17:19
/KASE, 21.12.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Самұрық-Энерго" АҚ (Алматы) төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Самұрық-Энерго" АҚ (әрі қарай – "Қоғам") 2012 жылғы 20 желтоқсандағы 500 000 000 АҚШ доллары сомасына бекітілген купондық кіріс жылдық 3,75% және өтеу мерзімі 5 жылды құрайтын халықаралық купондық облигацияларды толық және уақтылы өтеу туралы хабарлайды (ISIN XS0868359166). Өзінің қаржылық міндеттемелерін оңтайландыру мақсатында 2017 жылдың 20 қыркүйегінде Компания осы халықаралық купондық облигациялардың 80 000 000 АҚШ доллары сомалы бөлігін мерзімінен бұрын өтеген болатын. 2017 жылғы 20 желтоқсанда Компания аталған облигациялардың 420 000 000 АҚШ доллары сомасындағы өтелмеген қалдығын толық өтеуді жүзеге асырды. Еурооблигацияларды өтеу несие портфелін әртараптандыруға және оңтайландыруға, валюталық және несие тәуекелдерін айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ Компанияның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді. «Самұрық-Қазына» АҚ – Қазақстанның барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, энергия үнемдеудің жоғары тиімді жүйесін құруға бағытталған және өз акционерлеріне бағаны құрайтын, халықаралық энергиялық балансқа табысты интеграцияланған ірі көпсалалық энергетикалық кешен. цитата соңы [2017-12-21]