"Самұрық-Энерго" АҚ өзінің XS0868359166 (XS0868359166, SNRGe1) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

21.12.17 09:50
/KASE, 21.12.17/ - "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) 2017 жылдың 20 желтоқсанында өзінің XS0868359166 (XS0868359166, SNRGe1) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 427875000 еуроны, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 420000000 еуроны, купондық сыйақысы – 7875000 еуроны құрады. [2017-12-21]