"Самұрық-Энерго" АҚ XS0868359166 (SNRGe1) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.12.17 11:40
/KASE, 20.12.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Самұрық-Энерго" АҚ (Алматы) XS0868359166 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SNRGe1; $500,0 млн; 20.12.12 – 20.12.17, жарты жылдық купон, жылдық 3,75 %; 30/360) халықаралық облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2017 жылдың 20 желтоқсанынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2012 жылдың 20 желтоқсаынан бастап "рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатында тұрған. Олардың сауда-саттықтары 2013 жылдың 19 наурызынан бастап ашылған. [2017-12-20]