"ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ "Қазына жер Ltd" ЖШС жобасын қаржыландырғаны туралы хабарлады

15.12.17 12:51
/KASE, 15.12.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы Ұлттық қор қаражатынан қаржыландырылған Қазақстанның АӚК-гі кезекті жоба толық жобалық қуатына шықты. Әңгіме «ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша оның «ҚазАгроҚаржы» еншілес компаниясы арқылы қаржыландырылған және Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданында тұрғызылған инвестжоба – 800 бас қара малға арналған «Қазына жер Ltd» ЖШС тауарлы-сүт фермасы жӛнінде болып отыр. Құны 2 млрд.теңгеден асатын жоба бүгінде толық жобалық қуатқа шықты. Оны іске асыру Канададан, Украинадан және Қазақстаннан асыл тұқымды сауынды мал басын сатып алу арқылы екі кезеңмен жүзеге асырылды. Бүгінгі күні фермада бір мал басының орташа тәуліктік сауынды сүті 29 литрді құрайды. Кәсіпорын күніне 15 тонна сүт ӛндіреді. Мал басын ӛзі шығарған азықпен қамтамасыз ету үшін сонымен бірге жемшӛп шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша ӛндіріс қаржыландырылды. Бӛлінген қаражатқа қажет ауылшаруашылық және арнайы техника, сондай-ақ тамшылатып суару жүйесінің жабдықтары сатып алынды. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KZAG/kzag_reliz_141217_kz.pdf мекен- жайында жарияланған. [2017-12-15]