"Химфарм" АҚ KZ1C20620015 (KZ000A1CTME9, CHFM) жай және KZ1P20620418 (KZ1P00000236, CHFMp) артықшылықты акциялары 2017 жылдың 31 желтоқсанынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады
12.12.17 17:21
/KASE, 12.12.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Химфарм" АҚ (Астана,
әрі қарай - Компания) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына
байланысты 2017 жылдың 31 желтоқсанынан бастап төмендегі акциялары
KASE ресми тізімінен шығарылатыны туралы хабарлайды:
- KZ1C20620015 (KZ000A1CTME9, KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"стандарт" санаты, CHFM) жай акциялары;
- KZ1P20620418 (KZ1P00000236, KASE негізгі сауда-саттық алаңы,
"стандарт" санаты, CHFMp) артықшылықты акциялары.
KASE 2017 жылдың 05 желтоқсанындағы қорытындысы бойынша KASE
компаниядан келесі құжаттарды алғаны анықталды:
- 2017 жылдың 23 қарашасындағы аталмыш облигацияларды ерікті
түрде делистингілеу туралы өтініші;
- Компанияның Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 01 тамызындағы
отырыс хаттамасынан үзінді көшірмесі, онда аталмыш облигацияларды
жою туралы шешім қабылданған;
- Компанияның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізбесінің көшірмесі,
оған сәйкес 2017 жылдың 01 тамызындағы жағдай бойынша
компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 98,84 %
ие ірі акционері CENTRAL ASIA PHARMA HOLDING B.V. болып
табылады.
Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік
ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1
тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді.
Аталмыш акциялар KASE ресми тізіміне 2003 жылдың 04 наурызынан
бастап "В" санаты бойынша енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан
бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "стандарт"
санатында тұрған. Олардың сауда-саттықтары 2003 жылдың 04 наурызынан
бастап ашылған.
[2017-12-12]