2017 жылдың 04 шілдесінде "Қаражыра" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

04.07.17 12:31
/KASE, 04.07.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қаражыра" АҚ (Шығыс-Қазақстан обл, бұдан әрі – компания), биржаға 2017 жылдың 04 шілдесінде сағат 10:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы хабарлады: 1) компанияның 2016 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту туралы; 2) компанияның есептік қаржы жылына таза табысын бөлу тәртібін бекіту және жай акциялар бойынша дивиденд төлеу, компанияның бір жай акциясына дивиденд көлемін бекіту туралы мәселені қарастыру. Аталмыш жиналыс: Семей қ., Би Боранбай көш., 93, мәжіліс залы мекен- жайында болады. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу 09:00-ден басталады. Аталмыш жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2017 жылдың 01 маусымындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2017 жылдың 01 маусымында жоғарыда көрсетілген мекен-жайда сол уақытта болады. Акционерлер күн тәртібінің сұрақтары бойынша материалдармен жоғарыдағы мекен-жайда танысуға болады. [2017-07-04]