Ұлттық Банк "Каспий нефть" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

13.12.17 16:40
/KASE, 13.12.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Каспий нефть" АҚ (Атырау, одан әрі-компания) акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген тіркелген өзгертулер мен толықтырулардың бұрынғысының орнына берілген, бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы 2017 жылдың 07 желтоқсанындағы куәлігінің көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҰБ) банктің аталмыш акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік банктің жарияланған акцияларын шығарылымы саны ұлғаюына байланысты ауыстырылды; - компанияның жарияланған KZ1C28830012 жай акциялары саны - 100 000 дана; - банктің акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А2883 нөмірімен енгізілді; Компанияның акциялар шығарылымына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/KSNF/ksnff9_izm_071217.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2017-12-13]