"ҚАЗАҚСТАН ДАМУ БАНКІ" АҚ ӨЗІНІҢ ТЕҢГЕГЕ ДЕНОМИНАЦИЯЛАНҒАН ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

11.12.17 12:42
/KASE, 11.12.17/ – Облигациялары қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Қазақстан даму банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2017 жылдың 11 желтоқсанында баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "Қазақстан Даму Банкі" АҚ ("Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, әрі қарай – Банк, БРК) көлемі 100 млрд теңге теңгеге деноминацияланған еурооблигацияларының алғашқы шығарылымын жүзеге асырады. Бағалы қағаздардың айналым мерзімі 3 жыл (өтеу мерзімі – 2020 жылдың 14 желтоқсаны), орналастыру кезіндегі өтеу кірістілігі – жылдық 9,625%, купондық мөлшерлеме – жылдық 9,5%. Мәміле бойынша есептеулер ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында өтеді. Өтінім кітабын қалыптастыру нәтижесі бойынша сұраным көлемі (170 млрд теңге) БРК теңгелік еуробондтардың ұсыным көлемін (100 млрд теңге) көтерді. Банктің бондатарын орналастыру географиясы (шығарылым көлемінен 63%), АҚШ (21%), Германия (8%), еуропаның өзге елдеріне шығарылым көлемі - 6%, Қазақстан – 2%. 97% қағаз эмиссияларының көлемін қордың басқарушы активтері сатып алады, 2% – хедж-қорлар, 1% – банктер. Абсолютті сандармен жиырма тоғыз инвестор туралы сөз болып отыр. Шығарылымның қаржы кеңесшісі және андеррайтері J.P. Morgan, Citi, Halyk Finance. Аталмыш шығарылымның БРК евробондтары Қазақстан қор биржасында (KASE) және Лондон (LSE) қор биржасындаистингілеуден өтеді. "Қазақстан Даму банкі" АҚ (БРК) – 2001 жылы құрылған, экономиканың шикізат емес және инфрақұрылымдық секторын дамыту және жаңғырту бойынша ұлттық институты. Негізгі даму қызметінің бағыты: өңдеу кәсіпорны мен өндірістік инфрақұрылымын дамыту, ішкі және сыртқы инвестицияны еліміздің экономикасына тарту. БРК мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының ірі инвестициялық операторы болып табылады. БРК "Байтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрылымына кіреді. "Қазақстан Даму банкі" АҚ қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz) ... [2017-12-11]