АНОНС: 13 ЖЕЛТОҚСАНДА KASE "ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУ ӨТКІЗЕДІ

05.12.17 11:59
/KASE, 05.12.17, 28.11.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 13 желтоқсанында компаниялардың қаржы және заң бөлімшелері қызметкерлері үшін "Қор нарығының негіздері" бағдарламасы бойынша оқу өткізеді. Өтетін орны: Алматы қ, Гоголь көшесі, 111, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ғимараты, 1-ші қабат; өткізу уақыты алматы уақытымен – сағат 14:00 –ден 18:00-ге дейін. Қазақстанның басқа қалаларындағы тыңдаушылар үшін бейне конференциялық байланыс арқылы қатысу мүмкіндігі бар. Ол үшін қалаларыңыздағы Аймақтық кәсіпкерлер палатасына хабарласуыңыз қажет. Аталмыш мерекеге қатысу - тегін. Оқытудың мақсаты – листингілік компаниялардың отандық қор нарығы туралы білімін көтеру. Оқыту бағдарламасы компанияның қаржы ағымдарын басқаруда қор нарығы мен қаржы құралдарын пайдалану негіздері туралы іс жүзінде білім алуына мүмкіндік береді. Іс-шараға қатысу үшін 2017 жылдың 06 қарашасынан бастап, customers@kase.kz мекен-жайына өтінім жіберіп, тіркелуі тиіс. Өтінімде қызметкер жұмыс істейтін компанияның атауы, аты-жөні, лауазымы және жұмыс істейтін бөлімінің атауы, сондай-ақ қызметкердің байланыс мәліметтері көрсетілуі тиіс. Барлық сұрақтар бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс істеу бөлімі бастығының орынбасары Эльвира Сарсенбаеваға хабарласуға болады: тел: +7 (727) 237 53 00 (вн. 1153); e.sarsenbayeva@kase.kz. [2017-12-05]