"ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ KZ2C0Y01F418 (KZ2C00003838, PDENb3) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

30.11.17 11:22
/KASE, 30.11.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ (Павлодар) KZ2C0Y01F418 (KZ2C00003838, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, PDENb3; 100 тенге, 1,0 млрд тенге; 30.11.16 – 30.11.17; жартыжылдық купон, жылдық 13,00 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2017 жылдың 30 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2017 жылдың 18 қарашасынан бастап "коммерциялық облигациялар" секторына енгізілген, 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санатында тұрған. Олардың сауда- саттықтары 2016 жылдың 07 желтоқсанынан бастап ашылған. [2017-11-30]